Гран-при. 73 кг. Төренов алтын үшін таласады

13:34 | 28 қыркүйек 2013

Ертуған Төренов (суреттеақ киімде) әлемдік Гран-придің жартылай финалына жолдама алды. Енді жерлесімізді моңғолиялық Цагаанбаатар Хашбаатармен болатын жекпе-жек күтіп тұр.

Өзінің старттық белдесуіндеТөреновРуслан Джаныбек уулунан (Қырғызстан) басым түссе, ал кейінгі белдесуде отандасыДастан Ықыбаевтың(белорустық Вадзим Шоканы жеңді) жауырынын жерге қадады.

Алғашқы белдесуінде Қажымұқан Өтеулиевмоңғолдық дзюдошы Одбаяр Ганбаатардан қапыда қалды.

Сондай-ақ,Бекзат Манасбаев ширекфиналдық тартыста бұған дейін украиндық Сергей Дреботаны қапыда қалдырған бразильдік Алекс Помбо Да Сильвадан жеңілді.

Жұбату белдесуінеДастан Ықыбаев(қарсыласы – ресейлік Феликс Галуаев) пен Бекзат Манасбаевтар (қарсыласы – белорусь Алексей Свирид) жолдама алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар