Гран-при. 66 кг. Кезекті «отандық» қарсылас

13:01 | 28 қыркүйек 2013

Алматыда дзюдодан Әлемдік Гран-при жалғасын табуда. Назарларыңызға ерлер арасындағы 66 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектердің ағымдағы нәтижелерін ұсынамыз.

Жартылай финалдық тартыс та, отандастар арасында өтпек. Қазақстан құрамасының дзюдошылары –Елдос ЖұмақановБақдәулетСәбитовке қарсы тұрады. Алқашқы спортшы өзінің жеңіс жолын Эдиль Беккулов (Қырғызстан) пен Якуб Шамиловты (Ресей), одан кейінгі тартысында Артем Харченко (Украина) мен Оубек Ашуровты (Өзбекстан) жеңуден бастады.

Қола үшін болатын мүмкіндікті тағы да екі қазақстандық –Нұрлан ОразалинменҒайнолла Есенғалиевтер алды. Кіші финалға өту үшін бұл спортшылар тағы да бір рет жарыс алаңына шығатын болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар