Гран-при. 60 кг. Үш қазақстандық - жартылай финалда
Алматылық Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы дзюдодан Әлемдік Гран-приді өткізуде. Назарларыңызға 60 келіге дейінгі салмақтағы ерлер тартысының ағымдағы нәтижелерін ұсынамыз.
Старттық белдесуін белорустық Ариф Багировты жеңуден бастаған Елдос Сметов (суретте) жартылай финалға өтті. Елдостың ендігі қарсыласы бразильдік Диего Сантос. Осы айналымға тағы да екі қазақстандық дзюдошы –Асхат Тельманов пен Айбек Имашевтар өтті. Қос жерлесіміз финалдық жолдама үшін бір –біріне қарсы тұрады.Тельманов бұған дейін өзінің жерлесі Рустам Ибраевтың (бірінші белдесуінде өзбек балуаны Мирджон Тухтаевтан басым түсті, енді «жұтабуда» моңғолиялық Херлен Ганбольдпен кездеседі) жауырынын жерге тигізген. Ал Имашев болса қырғыздық Жолой Ибраимов пен жоғарыда аты аталған Херлен Ганбольдтың сағын сындырған болатын.
0 пікірлер