БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

18:11 | 13 тамыз 2015

2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған. Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды болып табылады.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сыңға түседі.

Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысумен ресми баспасөз-конференциясы 23 тамыз күні сағат 14.30 «Риксос» қонақ үйінде өткізіледі.

«Дзюдо федерациясы» РҚБ

баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар