Универсиададан қола медаль
17:34 | 05 шілде 2015
Кванджуде (Корея) өтіп жатқан жазғы универсиада да 70 келі салмақта Жанар Қашқын қола медальді ұтып алды. Ол алдымен қырғызстандық Айжан Қайырбековадан басым түсіп, Тайпейлік Шан Люден жеңілді. Осыдан кейін жұбаныш белдесуінде моңғолдық Нямсурэн Ундрахзаяны, итальялық Ферари Валерияны ұтты. Ал, үшінші орынға кездесу кезінде ол Бразилия дзюдошысы Аманда Оливейрді жеңді. Ертең жарыс жалғасады.
0 пікірлер