​Таразда дзюдодан жасөспірімдер арасында турнир өтті

14:19 | 23 қыркүйек 2013

Жексенбі күні Таразда КСРО сорт шебері, танымал дзюдошы Бақытжан Ташметовті еске алуға арналған дзюдо турнирі өтті.

Жасөспірімдер арасындағы бұл халықаралық турнир осымен алтыншы қатарынан өтіп отыр және оған қатысушылардың географиясы біртіндеп кеңейіп келеді. Биылғы турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің ұлттық құрамалары қатысты. Дзюдошылар тоғыз салмақ санатында өнер көрсетті және ең көп медальды Жамбыл облысының атынан қатысқан қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орынға Бішкек командасы табан тіресе, үшін орынды ресейлік дзюдошылар иеленді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар