​Қазақстанда дзюдодан Гран-при турнирі өтеді

11:20 | 20 қыркүйек 2013

Қазақстан27-29 қыркүйекте Халықаралық Дзюдо федерациясының лицензиялық турнирі - Гран-при турнирін алғаш рет қабылдайды. 2013 жылдан бастап төрт жыл қатарынан, бұл жарыстардың қыркүйек айындағы кезеңі Қазақстанда өтетін болады.

Алматыда өткелі отырған Гран-при турнирінде 14 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ, оның ішінде, 7–еуі – ерлер арасында, 7 – әйелдер арасында. Әлемнің 19 елінен 200 астам дзюдошы Алматыда,ы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бас қосады (Абай даңғылы, 44, А.Байтұрсынов көшесінің бұрышы).


Турнирді ұйымдастырушылар:

- ҚР Дзюдо федерациясы;

- Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы;

- ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі;

- Алматы әкімдігі.

Ал демеушілер: ҚазМұнайГаз және Sat&Company ұлттық компаниялар.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Ерлер құрамасы:

60 кг дейінгі с.с – Елдос Сметов, АсхатТельманов, РустамИбраев, АйбекИмашев.

66 кгдейінгі с.с – Елдос Жұмаханов, Нұрлан Оразалин, Бақдаулет Сәбитов, Ғайнулла Есенғалиев.

73 кг дейінгі с.с – Дастан Ыкыбаев, Ертуган Төренов, Бекзат Манасбаев, ҚажымұқанӨтеулиев.

81 кг дейінгі с.с – Даулетхан Жақыпов, Азамат Қыпшақбаев, Әділет Мисин, Бекжан Әбдуалиев.

90 кгдейінгі с.с – Ислам Бозбаев, Константин Рогозин, Айбол Айтбек, Евгений Ширшов.

100 кг дейінгі с.с – Максим Раков, Талғат Әмренов, Адам Богатырев, Дархан Темірханов.

100 кг жоғары с.с. – Ержан Шынкеев, Айбек Нұғымаров, Даурен Нұралинов, Әбдусалихов Саулет.

Әйелдер құрамасы:

48 кг дейінгі с.с – Александра Подрядова, Айгүл Байкулева, Мөлдір Жарманова, Дарья Лунова.

52 кг дейінгі с.с – Олеся Куценко, Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова.

57 кг дейінгі с.с – Назгүл Кубашева, Севара Нышанбаева, Анна Казюлина, Анна Старченко.

63 кг дейінгі с.с – Мариан Урдабаева, Анара Жұмабаева, Мархабат Қуатбекова, Жібек Атаева.

70 кгдейінгі с.с – Динара Кударова, Зәмзәгүл Файзолланова, Ділбар Өмірәлиева, Перизат Жақыпбекова.

78 кг дейінгі с.с – Анар Сейтімова, Альбина Амангелдиева, Зарина Райфова, МархабатАқылбаева.

78 кг жоғары с.с. – Гүлжан Исанова, Руза Духтурбаева, Назира Ержанова, Зарина Нүсіпбаева.

Жарыс кестесі

27 қыркүйек – турнирдің ашылуы

14.00 - Жеребе

15.00 – ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің және Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визердің қатысуымен баспасөз мәслихаты

28 қыркүйек – жарыстың бірінші күні

10.00 – кіріспе жекпе-жектер

Ерлер: 60, 66 және 73 кг салмақ санаттары.

Әйелдер: 48, 52, 57 және 63 кг салмақ санаттары

16.30 – Турнирдің ашылу салтанаты

17.00 – Финалдық кездесулер

Жеңімпаздар мен жүлдегерлері марапаттау

29 қыркүйек – жарыстың екінші күні

10.00 – Кіріспе жекпе-жектер

Ерлер: 81, 90, 100 кг және 100 кг жоғары салмақ санаттары

Әйелдер: 70, 78 кг және 78 кг жоғары салмақ санаттары

17.00 – Финалдық кездесулер

Жеңімпаздар мен жүлдегерлері марапаттау

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар