Мектеп - интернаттары арасында ел біріншілігі өткізілді
12:31 | 31 наурыз 2015
28-29 наурыз аралығында Шымкент қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттары арасында дзюдо күресінен ел біріншілігі өткізілді. Оған 1998-1999 жылғы 165 спортшы қатысты. Жалпы саны 12 команда бақ сынады. Нәтижесінде Қызылорда облысының құрамасы бірінші, Алматы облысы спортшылары екінші орын алды. Үшінші орын Алматы қаласы дзюдошыларының еншісінде.
Жарыстан кейін 30-31 наурыз күндері жаттығу лагері өткізіліп, оған 60 –тан астам спортшы қатысты.
0 пікірлер