"Үлкен спорт дене шынықтыру емес"
Жақында Астанада көптен бері күткен жылдың басты спорт шарасы - дзюдо күресінен әлем чемпионаты өткізіледі! Казақстан әлемнің жүзден астам дзюдошыларын қарсы алады. Осы додалы бәсеке қарсаңында біз халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2013 жылғы дзюдо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Рио – де- Жанейро), 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок) және 2014 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері (Инчхон), ел дзюдосының мақтанышы мен үміті - Азамат Мұқанов бізге сұхбат берді.
-Сіз дзюдоға қалай келдіңіз?
- Белгілі ғой, дзюдоға қарағанда, самбо күресі олимпиадалық спорт түрі емес. Самбо күресінде мен жететін жетістікке жеттім (самбо күресінен әлем чемпионымын (2010), самбо күресінен әлем чеипионатының төрт мәрте қола жүлдегерімін - автор.қосымшасы) деп есептеймін. Маған одан әрі өсу керек болды, бірақ спорттан кеткім келген жоқ. Сонда мен дзюдоға барам деген шешімге келдім.
Мен әлі кішкентай болғанда, спорт үйірмесіне үлкен ағам алып келді. Алдымен мен еркін күреспен, самбомен айналастым. Мектепте оқып жүргенде, жасөспірімдердің арасында Казақстан чемпионатына қатыстым, сонда жеңіске жеттім, көзге түсіп, мені құрама командаға алды, солай менің спорттық карьерам басталды.
-Сіз қай жасыңызда ең алғашқы рет жеңіс тұғырына көтерілдіңіз ?
-Мен самбо күресінен алғашқы турнирді жеңгенде, 18 жаста болдым. Әлі есімде, маған бапкерім менің алғашқы машинамды сыйлады, ол Е санатындағы «Мерседес» еді.
-Ал өз жауынгерлік рухыңызды көшеде, мысалы, өзіңізді қорғау ретінде пайдаландыңыз ба?
-Біздің ел кішкентай болды, барлығы менің спортшы екенімді білді, сондықтан тиіспеуге тырысты.
-Сіз күреске шығар алдында қалай өзіңізді дайындайсыз? Қорқынышты болады ма?
-Негізі, жарыс алдында өз -өзіңді психологиялық тұрғыда дайындау өте маңызды, ал босауға болмайды. Бір рет жеңілген едім, ол келешек мансабыма әсер етті, барлығы сол кезде маған, мен 100 % ға өз күшімді жұмсаған жоқпын, қолымды ерте түсірдім, ал қарсылас соны сезіп жеңді деген пікірлер айтты. Сол жағдайдан кейін мен, татамиға шыққаннан бастап соңғы кездесуге дейін өзімді бір қалыпты ұстауға тырыстым.
Ал менде қорқыныш сезімі болмайды, мен әбден үйреніп алғам. Өзіме ылғи айтамын: «Қазір шығам да оны жеңем!» (күледі).
-Ал қандай күресіңіз есте қалды?
-2013 жылда Рио-де-Жанейродағы әлем чемпионатының финалыңдағы жеңіс. Осы кезде мен әлем чемпионы Георгий Зантараймен татамиға жекпе-жекке шықтым. Мүмкін, осы жекпе-жек ең ауыр болды. Өте тартысты күрес болды. Бірақ, соған қарамастан мен жеңдім, күрестің қорытындысы -7:0.
-Өзіңіздің бапкерңіз туралы айтып берсеңіз...
-Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков, оның қол астында үшінші жыл бойы жұмыс істеп жүрміз. Ол жақсы жаттықтырушы, «жолы болғыш», біз барлығымыз осы ағамызға сенеміз. Онымен бірге біз жеңіске жетеміз. Дәл Ермек Абуұлы маған Риода сенді, мен осы чемпионаттың алдында көптеген турнирлерден жеңілдім, соған қарамастан ол сенді. Осы үміт маған күш пен сенім берді. Соңғы 10 жылда менің жеке жаттықтырушым Берік Жетпісбаев болып табылады. Мені оған ағам әкелген, жеке өтініші бойынша, ол мені жаттықтырсын деп. Берік ағаймен жаттығу нығайтылды, ол кісіден әсіресе тәртіпке үйрендім. Осының барлығы маған осындай спортшы болуға көмектесті. Ол менің ұстазым, тәлімгерім, жолдасым және де мен осы кісіні құрметтеймін.
-Сіз балуандар арасында піріңіз бар ма?
-Пірім жоқ. Айтарым, маған жапондықтардың күрескені өте ұнайды. Оларда ол өте жақсы шығады.
-Спорттаң тыс тағы да немен айналысасыз? Әдетте бос уақытыңызда неге жұмсайсыз?
- Жүгіргенді өте жақсы көремін, 20 шақырымға дейін жүгіре аламын және футбол ойнауды ұнатамын, Алматыда достарыммен бірге әр сәрсенбі және сенбі сайын жиналамыз, доп ойнау үшін. Айтпақшы, менің 4 жасар балам да футбол ойнағанды жақсы көреді. Әр баратын елден мен оған доп алып келемін. Кино қарағанды ұнатамын. Ұнатқан фильмдердің бірі – « Лучшее предложение».
Қалған уақытты отбасымен өткізуге тырысамын. Менде екі балам бар. Ұлым төрт жаста, ал қызыма жарты жыл болды.
-Өзіңіздің балаларыңызды спортқа бересіз бе?
- Егер де олар осыны өздері қаласа, оларды ешкім күштемейді. Дегенмен, қазіргі кезде біз ұлымызды бассейнге апарып жүрміз.
Кәсіби спорт ол сіздерге дене шынықтыру емес. Әрине, мұнда жарақат алып қалуға да болады. Мұнсыз болмайды. Бірақ, жарақаттанып қаламын деп ойласаң, онда спортты бастамауға да болады. Жарақатты жай саябақта жүріп серуендегенде, мұзда да сүрініп және баспалдақта да аяғыңды шығарып алуға болады.
Спорт бізге көп нәрсені береді. Баланы спорт үйірмесіне әкелгенде, ең алдымен оны дұрыс құлауға үйретеді, сондықтан бұл сұрақта да спорт керісінше көмектеседі. Спорт тәртіпке шақырады. Сонымен қатар, спортта көп жолдастарын пайда болады. Мысалы, менде Қазақстанның әр қаласында 3-4 жолдасым бар. Шетелде де жолдастарым бар. Бұл спотршылар мен спортқа жақын адамдар, бұл спорт жанкүйерлері немесе жақындары спортпен айналасқандар.
Менің жанұямда маған дейін ешкім спортпен айналыспаған. Отбасымда мен алғашқымын. Ата анам мені әрқашанда қолдады, ешқашан тоқтатпады, керісінше, менің таңдауымынды қолдады және жеңіс тіледі.
-Келешекте қандай жоспарларыңыз бар? Белгілі ғой, спорттық мансап қысқа. Келешекте өзіңізді жаттығушы ретінде көресіз бе?Сіз қалай үлкен спортқа әйлдердің жиі қатысуына қалай қарайсыз,? Қазір әйелдер футболы, әйелдер хоккейі бар, әйелдер бокста да, дзюдода да жаман емес.
- Әрине, спортшылар ретінде мен оларды қадірлеймін. Менің ойымша, әйелдерге осындай бокс немесе дзюдо ауыр спорт түрлері орынды емес. Теннис немесе гимнастикамен айналасуға болады.
Ашық әңгімеңізге рахмет. Жеңістеріңізге тілектеспіз, және спортшының ең басты арманы - олимпиада алтынын алуға тілектеспіз, өз ісіңізде алда болыңыз.
Динара СУГУРБАЕВА,
«На страже» республикалық құқықтық, қоғамдық-саяси газет
0 пікірлер