Дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирінің қорытындысы

14:29 | 02 желтоқсан 2013

Токиода өткен «Үлкен Дулыға» турнирінде Қазақстан құрамасының екі дзюдошысы 5-і орын алса, бір спортшымыз 7-і орынға табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға Қазақстан қыздар құрамасы қатысқан жоқ. Тек, Ермек Иманбеков бастаған ерлер құрамасына сенім артқан едік. «Үлкен Дулыға» додасында екі дзюдошымыз – ЕлдосСметов (60 келі) пен Максим Раков (100 келі) қола медальға қол созым жерден тоқтады. Елдос өз тобында жеңімпаз атанып, жартылай финалда ежелгі қарсыласы Наохиса Такатомен жолыққан болатын. Бұл кездесуде жерлесіміз тағы да есе жіберіп, қола медаль үшін күресе алған жоқ.... Максим Раков болса, Чехия және Жапония балуандарын жеңіп, жартылай финалда Кайл Рейс есімді Канада дзюдошысынан ұтылып қалды. Қола медаль үшін өткен белдесуде моңғол Тувшинбаяр Найдангийн біздің жігіттен басым болды.

7fc352d425aad0b35b3ab24ce58ff976.jpg

Азамат Мұқанов (66 келі) бірінші белдесуінде ресейлік дзюдошыны жеңген. Ал екінші айналымда татами иесі, жапондық Томофуми Такаджодан жеңілді де, жұбаныш белдесуінде тағы бір жапон балуаны Масаки Фукуокадан ескерту санының көптігінен ұтылды.

4b350afe29d86481520dc2c9c0722e2b.jpg

Асхат Тельманов (60 келі) пен Ертуған Төренов (73 келі) бірінші айналымда жеңіліп қалды. ЕлдосЖұмаханов (66 келі) пен Дәулетхан Жақыпов (81 келі) , сондай-ақ, Ержан Шынкеев (+100 келі) екінші кезеңде, Бекжан Әбдуәлиев (81 келі) үшінші айналымда жарыс жолынан шықты.

Турнир қорытындысы бойынша, бірінші орын татами қожайыны Жапония құрамасына бұйырды. Өз жеріндегі додада жапондар аянып қалған жоқ. Жалпы есебі 11 алтын, 2 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медалі бар Оңтүстік Корея екінші орында, ал 1 алтын, 1 күміс жүлдемен Нидерланды спортшылары үшінші сатыда. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18-і сатыға тұрақтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар