Рустам Ыбраев «Grand Prix» жарысының қола жүлдесін жеңіп алды

13:48 | 21 ақпан 2015

Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Германияда өткен "Grand Prix" жарысында қола медальді ұтып алды. 60 келі салмақта күрескен спортшымыз алғашында британдық спортшы Эшли Маккензиден басым түсіп, келесі кездесуде әлем чемпионы жапониялық Наохиси Такатоны жеңді. Жартылай финалда ол әлем чемпионатының жүлдегері оңтүстік кореялық Ким Вон Джинға есе жіберіп алды. Жұбаныш белдесуде Рустам француздық Винсента Лимарды «иппон» әдісімен жеңді . Қола үшін күресте жерлесіміз әлем біріншілігінің жүлдегері грузиялық Амиран Папинашвилиді ұтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар