Жастар арасындағы әлем чемпионатына 600-ге жуық дзюдошы қатысады

11:17 | 23 қазан 2013

23-27 қазан аралығында Словенияның Любляна қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Аталған дүниежүзілік додада әлемнің 75 мемлекетінен 610 дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Оның ішінде Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жаттықтыратын дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы да бар. 15 пен 21 жас аралығындағы талантты дзюдошылар тартысы бес күнге созылады.

Кеше Любланада әлем чемпионатының жеребесі тартылып, жас спортшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Қазақстан дзюдо федерациясы назарларыңызға жеребе тастау рәсімінің қорытындысын ұсынады.

Ерлер:

55 келіге дейінгі с/д:

Жақсылық Мұсырманов – Мехман Садигов (Әзірбайжан)

Асылжан Сейдуәлі – Ставрос Пасчалидес (Кипр)

60 келіге дейінгі с/д:

Мейірлан Баймағамбетов – Егор Мгдсян (Ресей)/Лукас Рейтер (Австрия) жұбының

жеңімпазы

66келіге дейінгі с/д:

Дәурен Алдыназаров – Миколас Лукосевичюс (Литва)

73 келіге дейінгі с/д:

Қайрат Ағыбаев – Юсей Ивабучи (Жапония)

81 келіге дейінгі с/д:

Әзиз Қалқаманұлы – Балаш Винче (Венгрия)

90 келіге дейінгі с/д:

Самат Есен – Виктор Фулга (Молдова)

100 келіге дейінгі с/д:

Әділхан Қозыбаев – Л.А. Смит (АҚШ)

Айбек Серікбаев – Алехандро Мерло (Аргентина)

100 келіден жоғары с/д:

Дәурен Нұралинов – Ру Юнсук (Оңтүстік Корея)

Қыздар:

44 келіге дейінгі с/д:

Еңлік Сатыбалды – Севда Ерылмаз (Түркия)/Эстефания Сориано (Доминикан Республикасы)

жұбының жеңімпазы

48 келіге дейінгі с/д:

Айгүл Байқулева – Дениса Унгуриану (Румыния)

52 келіге дейінгі с/д:

Әсел Қайсарова – Мария Скора (Украина)

Айгуным Туйтекова – Зарина Бабинян (Россия)

57 келіге дейінгі с/д:

Анна Старченко – Анастасия Конкина (Ресей)

Севара Нишамбаева – Фенни Малмборг (Швеция)/ Теша Ало (АҚШ) жұбының жеңімпазы

70 келіге дейінгі с/д:

Зере Бектасқызы – Валерия Феррари (Италия)

78 келіге дейінгі с/д:

Мархабат Ақылбаева – Ли Янг (Қытай)

78 келіден жоғары с/д:

Нәзира Ержанова – Грасиела Альварез (Аргентина)

Роза Доқтырбаева – Саламоун Тжаса (Словения)

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының кестесі:

23 қазан

Ерлер: 55, 60 келіге дейінгі с/д; Қыздар: 44, 48 келіге дейінгі с/д

10:00 – Іріктеу белдесулері

17:00 – Финалдық кезең

24 қазан

Ерлер: 66,73 келіге дейінгі с/д; Қыздар: 52, 57 келіге дейінгі с/д

10:00 – Іріктеу белдесулері

17:00 – Финалдық кезең

25 қазан

Ерлер: 81,90 келіге дейінгі с/д; Қыздар: 63, 70 келіге дейінгі с/д

10:00 – Іріктеу белдесулері

17:00 – Финалдық кезең

26 қазан

Ерлер: 100, +100 келі салмақ дәрежелері; Қыздар: 78,+78 келі салмақ дәрежелері

10:00 – Іріктеу белдесулері

17:00 – Финалдық кезең

27 қазан

Командалық жарыс

10:00 – Іріктеу белдесулері

17:00 – Финалдық кезең

Чемпионатты ippon.tv сайтынан тамашалауға болады. Алматы мен Любляна арасындағы

уақыт айырмашылығы 4 сағат. Яғни, Любляна Алматыдан 4 сағат кейін.

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты биылғы жылды қорытындылайтын

біріншілік. Бүгінге дейін кадеттер және ересектер арасындағы әлем чемпионаттары аяқталған

болатын. Маямиде өткен кадеттер арасындағы додада 55 келіде сынға түскен Бауыржан

Жауынтаев чемпион атанса, Рио-де-Жанейрода жалауы желбіреген ересектер арасындағы

әлемдік сында 66 келідегі Азамат Мұқанов күміс жүлде иеленген еді. Финалда ол жапондық

Эбинума Масашиге есе жіберді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар