Конфедерация мобильдік қосымшаны іске қосты!

13:01 | 22 желтоқсан 2014

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерация «Жеке бапкер» атты мобильдік қосымшаны әзірледі.

2

Спортпен шұғылданып, үнемі бабыңызда жүруге шақыратын «Жеке бапкер» қосымшасы өз жетістігіңізді достарыңызбен бөлісуге, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану турасында мол ақпарат алуға, пайдалы жаттығу бағдарламасын дайындауға көмектеседі.

Пайдаланушыларға «Жеке бапкердің» келесі бөлімдері қолжетімді:

- Жаттығулар – бұлшық еттер тобын шынықтыруға арналған алуан түрлі жаттығулар жинағы мен алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектесетін түрлі жаттығулар кестесі.

- Қадам өлшеуіш – жүріп өткен қашықтықты, жылдамдық пен жаяу немесе велосипедпен жүргендегі шығындалған энергияны өлшейтін интерактивті құрал.

- Тағам – дұрыс тамақтануға арналған дайын ас мәзірлері мен күнделікті мәзірге арналған, калория көлемін анықтайтын құрам.

- Тамырдың соғуын анықтау – түрлі жағдайлар кезінде қазіргі тамырдың соғуын өлшеу.

- Күнделік – спортпен шұғылданған кездегі есеп және қажетті калориялар статистикасы.

- Плейлист – жаттығу кезінде көмектесетін сіздің жеке әндеріңіздің тізімі.

- Мақалалар – салауатты өмір салты, фитнес, тамақтану мен тағам қоспалары туралы үнемі жаңарып тұратын мақалалар жинағы.

- Оқиғалар тізбесі – достарыңыздың жетістіктері көрінетін тізбе арқылы өз әлеуетіңізді салыстыра аласыз.

- Қолданушылар – достар қатарына қосуға болатын қолданушылар парағын іздеу және көру.

Мобильдік қосымшаның жаттығулар айдарына фото және бейне нұсқауларды жасауға әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова мен ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов сияқты танымал спортшылар тартылды.

Үш тілде жасалған «Жеке бапкер» қосымшасы Android және IOS операционды жүйелерге арналған. Мобильдік қосымша Конфедерацияның ресми сайтындағы арнайы бөліммен толықтай үйлестірілген. «Жеке бапкер» қосымшасын Конфедерацияның www.confederation.kz/zheke-bapker атты ресми сайтынан жүктеп алуға болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар