Асхат Жіткеев: "Семинарлардың мақсаты – бапкерлердің біліктілігін арттыру"
- Өңірлерде өткізілген бапкерлерге арналған семинарлардың мақсаты қандай ?
- Өңірлік семинарлардың мақсаты – бапкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа әдістерді және жарысты ұйымдастырудаға жаңа ережелерді қолдана отырып жаттығу өткізу. Аумақтық семинарлармен қатар, биыл біз жас спортшыларға шеберлік сағаттарын өткіздік.
- Сізден басқа осы шараларды өткізу үшін жасақталған жұмыс тобының құрамында қандай мамандар болды?
- Мамандар тобының құрамындапрофессор, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Федерация дзюдо» РҚБ ғылыми-әдістемелік жұмыс жетекшісі Шепетюк Михайл Николвевич, еңбек сіңірген спорт шебері, 7 ДАН иегері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Еуропа дзюдо одағының спорт директоры, ерлер ұлттық құрамасының кеңесші- бапкері Яцкевич Александр Владимирович және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР ұлттық құрама командасының бапкері Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы болды.
- Семинарлар бірнеше күнге жалғасты. Шараның бағдарламасы жөнінде айтып берсеңіз
- Тәжірибелік сабақтарда А.Яцкевича пен А.Смағұловтың жетекшілігімен техника-тактикалық әдістер, дзюдошылардың жеке техника-тактикалық щеберліктерін қалыптастыру үішн тәсілдер көрсетілді. Сонымен қатар, жарыстарды ұйымдастыру ережелерінің өзгеруі, спортшыларға әсер еткені жайлы әңгіме болды. Кешенді бақылау нәтижелерін спортшының жаттығу бағдарламаларын өзгерту үшін қолдану, ұлттық құрама бапкерлерін өңірлердегі жаттықтырушылармен өзара байланыс орнату мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелдер өткізіліп, қатысушылар мен ұйымдастырушылар жаттығу мен оқуға қатысты, жарысқа қатысу, психологиялық тұрғыдағы, жас мөлшеріне қарай әдіс қолдану, тапсырмалар мен жаттығуларды таңдау сияқты басқа да мәселер бойынша пікір алмасты.
Шеберлік сағаттарында жеткіншектер арнайы жаттығулар және партер мен тұрып жасалатын әдістердің жиынтығымен танысты.
Семинарлар аяқталғаннан соң барлық қатысушыларға дидиактикалық материалдар таратылды.
-Осы шараларға қанша адам қатысты?
-Қазақстандағы 736 бапкердің, 350-ден астамы қатысты. Ал, жаттығуларға 650 жеткіншек дзюдошы қатысты.
-Келесі жылы осы шаралар жалғасын таба ма?
-Келесі жылы 2-3 республикалық деңгейде семинар өткізу жоспарда бар, олардың өткізілу мерзімі туралы кейін хабарлаймыз.
Сөз соңында, семинарларды өткізу барысында көмектескені үшін барлық өңірлердің жергілікті биліктеріне алғысымды айтам және атқарылған қызмет үшін жұмыс тобына рахмет.
Сұхбатыңызға рахмет!
0 пікірлер