2015 жылы әлем чемпионаты Астанада өтеді

11:19 | 30 қыркүйек 2013

Дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев 28 қыркүйек күні әлемдік сынның қазақ жерінде өтетінін растайтын құжатқа қол қойды. 2015 жылғы әлемдік сынды өткізуге Моңғолия, Венгрия, Біріккен Араб Әмірліктері секілді мемлекеттер үміткер болған. Бірақ, басшылық таңдауы Қазақстан астанасына түсті.

Естеріңізде болса, 2013 жылғы әлем чемпионаты Рио де Жанейрода өтіп, 66 келідегі жерлесіміз Азамат Мұқанов күміс жүлдегер атанған еді.
2014 жылғы дүниежүзілік доданы Ресейдің Челябинск қаласы қабылдайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар