Дүниежүзілік дзюдо күнімен құттықтаймыз!
11:36 | 28 қазан 2014
Құрметті бапкерлер мен спортшылар, дзюдо күресі саласында қызмет етіп жүрген азаматтар, сіздерді дүниежүзілік дзюдо күнімен құттықтаймын. 28 қазан күні дзюдоның негізін қалаушы - Дзигоро Кано дүниеге келген еді. Осыған байланысты халықаралық дзюдо федерациясы осы күнді мереке ретінде белгілеген болатын. Осы мерекеге орай барлықтарыңызға жарыс жолында жеңістер, отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық тілеймін!
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Рақышев Кеңес
0 пікірлер