Дзюдодан халықаралық турнир Өскеменде өтеді
14 - 15 қыркүйекте, Өскеменде дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Талғат Ақтаевты еске алуға арналған ашық халықаралық турнир өтеді. Жарысқа 23 жасқа дейінгі дас дзюдошылар қатысады.
Халықаралық турнирге қазақ балуандарынан басқа, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшылары ат салысады. Қазақстандық құрама команданың сапында еліміздің түкпір –түкпірінен келген спортшылар бар.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Талғат Ақтаев алғашқыда (1977 жылдан бастап) тәжірибелі жаттықтырушы Жанәділ Атаевтың жетекшілігімен спорттық күреспен айнылысқан. Ал араға екі салып қазақстандық палуан қазақ елінің күмісін олжалады. Сондай-ақ, 1981 жылы Талғат Ақтаев самбодан ССРО чемпионы құрметті атағына ие болды. Сол жылы ССРО чемпионатының күміс медалін еншіледі. Одан кейінгі марапаттары дзюдоға байланысты болды. 1982 жылы спортшы самбодан болған әлем чемпионатының алтын алқасына қол жеткізді. Өкінішке орай, талантты спортшы 1992 жылы, 28 жасында қайғылы қазаға ұшырады. 2005 жылы мезгілсіз көз жұмған спортшының құрметіне орайластырылып дзюдо мен самбобан алғашқы турнир өткізілді. Сол жылдан бастап аталмыш турнирді жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналды. 2013 жылы бұл турнир тоғызыншы рет өткізілгелі отыр. Жарысты ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Ертең, 4 қыркүйекте 16.00-де Өскемен қаласындағы (Ворошилова көшесі, ½) облыстық спорт кешенінде халықаралық турнирдің салтанатты ашылу салтанаты өтеді. Ал жарыс 10.00-де басталады.
0 пікірлер