​Дзюдан әлемдік Гран-придодасына қатысатын ұлттық құрамамен таныс болыңыздар!

13:00 | 12 қыркүйек 2013

28- 29 қыркүйекте Алматыда дзюдан әлемдік Гран-при кезеңі өтеді. Осынау жарысқа біздің ұлттық құраманың атынан үздік деген дзюдошыларымыз қатысады.

Гран-при додасының Алматыдағы кезеңіне "Қазақстан Барысы-2013" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та қатысқалы отыр. Ол 100 кг жоғары салмақ санатында өнер көрсетеді. Нұғымаровпен бірге бұл жарысқа Елдос Сметов, Асхат Тельманов, Максим Раковсынды еліміздің танымал дзюдошылары да қатысады.

Жиырма шақты ел өз ұлттық құрамаларының тізімдерін жолдап отыр. Алматыдағы байрақты бәсекеге Ресей, Бразилия, Канада, Өзбекстан және т.б. елдердің құрамалары жиналады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар