​Ақтауда Әкім кубогы үшін дзюдо турнирі өтеді

16:00 | 09 қыркүйек 2013

12-13 қыркүйекте, Ақтау қаласының мерейтойлық шаралары аясында қала әкімінің Кубогы үшін 2000-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдо жарысы өтеді.

Әкімдік басшылығы Ақтау тұрғындары үшін биыл Қала күніне орай бірнеше спорттық шара дайындап отыр. Және спорт түрлері бойынша өтетін жарыстарға кез-келген тұрғын қатыса алады, осы мақсатта жазылу арнайы жазылу жүргізіледі. Ұйымдастырушылар халық арасында кең таралған спорт түрлері бойынша ашық турнирлер бағдарламасын әзірлеп отыр.

Атап айтқанда, жарыстарға қатысқысы келетіндер 19-21 қыркүйек күндері ірі сауда орталықтарының жандарында орналасқан арнайы нүктелерге келіп жазыла алады. Барлық жеңімпаздарды мақтау қағаздары, марапаттау медальдары күтіп тұр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар