Дзюдода әлем біріншілігі жалғасуда
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде кеше, 29 тамыз күні төртінші салмақ санаты бойынша жарыстар жалғасты. Қазақстан құрамасынан атынан бұл күні татамиге бір ғана спортшы – Дәулетхан Жақыпов шықты. Өкінішке орай, біздің спортшы іріктеу айналымынан шыға алмады: ол исландиялық Свейнбьёрн Иурамен болған бірінші кездесуді иппонмен аяқтағанымен, екінші кездесуде швед Робин Пасекадан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Дәулетхан жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгін, 30 тамызда татамиге біздің құраманың атынан мына спортшылар шығады:
Ислам Бозбаев (90 кг)
Динара Кударова (70 кг)
Анара Сейтімова (78 кг)
Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы үш күнінде қазақстандық дзюдошылар әлем спортшыларының үздік «сегіздігінің» қатарынан орын алды: Елдос Сметов пен Асхат Тельманов (26 тамызда) өз салмақ санаттарында жалпы рейтинге жетінші орын алса, Азамат Мұқанов 28 тамызда әлем чемпионатының «күмісін» иеленді, ал Дастан Ықыбаев жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.
Чемпионаттың барысын онлайн-режимде ippon.org сайтынан тамашалай аласыздар, Астана уақыты бойынша сағат: 19.00.
0 пікірлер