Олимпиадалық ынтымақтастық дегеніміз не?
3 шілдеде Астанада Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына мүше ұлттық федерациялардың Халықаралық олимпиадалық комитеттің «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасына қатысу мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырысқа Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Тимур Досымбетов, Конфедерацияның бас директоры Сәкен Мұсайбеков, бокс, дзюдо, күрес, таэквондо және ауыр атлетика федерацияларының басшылары қатысты.
«Олимпиадалық ынтымақтастық» - Ұлттық олимпиадалық комитеттердің олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған жұмыстарын үйлестіру жөніндегі Халықаралық олимпиадалық комитеттің бағдарламасы. Оның аясында Олимпиада ойындарының болашақ қатысушыларымен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың біліктіліктерін арттыру үшін халықаралық бапкерлік курстар өткізу, бапкерлер мен атлеттерге стипендиялар беру, қажетті спорттық жабдықтар жеткізу, және т.б. жұмыстар атқарылады.
Тимур Досымбетов өз сөзінде, Олимпиадалық комитеттен қолдау алудың жолымен таныстырып өтті: «Бұл бағдарламаға қатысу үшін ұлттық федерацияның атынан хат керек, онда, мысалы стипендия алуға ұсынылатын спортшылардың тізімі жазылады. Бірақ сондай хаттың өзін күтіп шаршаймыз. Федерацияның ондай хат жазуға уақыты жоқ. «Хат жазыңдаршы» деп сұрап аламыз. Бұл мәселе бойынша барлық жұмыс жедел жүргізілу керек. Біз барлық мәліметті жинаймыз да, Лозаннаға, Халықаралық олимпиадалық комитетке, «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасыныі директорына жолдаймыз. Халықаралық олимпиадалық комитетті спорт түрлері бойынша мамандар бар, сол мамандар тізімдегі спортшылардың қайсысы Олимпиадалық ойынға баруға , артылған үмітті ақтауға әлеуетті екені туралы шешімдер қабылдайды. Сіздің хатыңызға жауап ретінде Халықаралық олимпиадалық комитеттің мамандары бекіткен спортшылардың тізімі келеді. Мысалы, біздің ауыр атлеттеріміздің осындай стипендия алып келе жатқанына 15 жылдай болды».
Тимура Досымбетовтің айтуынша, 2012 жылы Лондонда, осы бағдарлама бойынша Қазақстанға жылына шамамен 150 – 200 мыңдай доллардан бөлінген.
Динара Байқадамова
0 пікірлер