Конфедерация басшысы Әл-Сабах және Визермен кездесті
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының басшысы Тимур Құлыбаев Кувейттегі Ұлттық Олимпиада Комитеті Қауымдастығы Атқарушы Кеңесінің сессиясына қатысты.
Содан соң, Тимур мырза ҰОКҚ халықаралық қатынастар жөніндегі отырысына қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе – ЮНЕСКО-дегі ҰОКҚ рөлін нығайтып, іске қосу. БҰҰ бекіткен бірнеше жобаға ҰОКҚ атсалысуын қадағалау, сондай-ақ, ҰОКҚ-нің Біріккен Ұлттар ұйымы аясындағы Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске енгізу.
Конференция басшысы Азия Олимпиада Кеңесінің және ҰОКҚ президенті Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабахпен кездесті. Келіссөздер барысында екі жақ Қазақстан Республикасындағы спортты дамытуды сөз етті. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Тимур Құлыбаев ҰОКҚ халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның мүшесі болып тағайындалған.
Сонымен қатар, Кувейтте Т. Құлыбаев пен Халықаралық SportAccord конвенциясы және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырзамен кездесті. Әңгіме барысында Түркияда SportAccord халықаралық конвенциясы бойынша өтетін Белек – 2014 туралы, сондай-ақ, Халықаралық конвенцияны біздің елімізде өткізу мәселесі қозғалды. Еліміздегі дзюдоның дамуы туралы да әңгіме қозғалды. Нақтылар болсақ, Алматы қаласында 2014 жылдың аяғына қарай құрылысын аяқтау көзделіп отырған дзюдо орталығы сөз болды.
Ұлттық Олимпиада Комитеті Қауымдастығы (ҰОКҚ) – Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған 204 ұлттық Олимпиада комитеттерінің басын қосатын халықаралық ұйым. 5 құрлық қауымдастығы болып бөлінеді: Африка, Америка, Азия, Еуропа және Океания.
0 пікірлер