Еркебұлан Қосаев финалда!
Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Гран При бәсекесі (21-23 наурыз) өтуде. Алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан қазақ балуандары әзірге сәтті өнер көрсетіп келеді. Бүгін 60және 66 келідегі балуандар жүлдеге таласуда.
60 келі салмақ дәрежесінде бапкерлер Еркебұлан Қосаев пен Ғабит Есімбетовке сенім артқан еді. Лондон Олимпиадасында бақ сынаған тәжірибелі Еркебұлан (суретте ақ кимонода) украиндық Денис Беличенко және грузиялық Гиорги Бролашвилиден айла асырып, жартылай финалда өзінің командаласы Ғабит Есімбетовті жеңді. Финалда Еркебұлан Қосаев әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдеседі.
Қосаевтан жартылай финалда жеңілген соң, Есімбетов қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды. Үшінші орынға таласта ол татам иесі Лухуми Чхвимианимен күш сынасады. Ал Ғабит бұл турнирде армениялық Гарик Арутунян мен грузиялық Амиран Папинашвилиді жеңді. Тап осы Амиран біздің біздің Асхат Тельмановты бірнеше рет ұтқан болатын.
0 пікірлер