Түркістанда дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды
Аталған салтанатты рәсімге қалалық әкімшілік пен Қазақстан бокс федерациясының басшылары, спорттық ұйым өкілдері, спорт ардагерлері, сондай-ақ, балалар спорт мектебінде тәлім алатын балғын спортшылар қатысты. Айтулы спорттық мерекеге Түркістан қаласының әкімі Б. А. Әшірбеков, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті С.Қ. Қонақбаев, спорт ардагері А. Ақжол және Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Е.С. Ыбырайымовтар қатысып, қала халқын жаңа нысанның бой көтеруімен құттықтады.
Түркістандағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені Қазақстан бокс федерациясы қолған алған бағдарлама аясында бой көтерген алғашқы кешен. Бұл жоба федерация президенті Т.А. Құлыбаевтың тікелей тапсыруымен аймақтардағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.
Жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған арнайы залдарда бокс, күрес, дзюдо, таэквондо және ауыр атлетика секциялары жұмыс істейді. Бұл бес спорт түрінің Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясына бірігуі кешенді жаттығу жұмысын жүргізуге мүмкіндік тудырып отыр.
Мұндай спорттық нысандарды еліміздің барлық облыстарында салу жоспарлануда. Түркістанда есігін айқара ашқан кешен Қазақстанның әр аймағында жұмыс істесе, ел спортшыларының нәтижелері жақсарып, бұқаралық спортқа ден қойғандар қатары көбейетіні сөзсіз.
Шілде айында Семей қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы аяқтады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы тағы екі облыста кешен құрылысы басталады.
Мұндай жоба заманауи спорттық құрылғылармен толық қамтылған, әр аймақта тезірек қолданысқа берілетін бірыңғайланған спорттық кешендер жобасын қолдану арқылы жүзеге асуда. Бұл қадам қажетті ресурстардыретіментұтынып, құрылыс мерзімін жылдамдатуға септігін тигізеді. Мәселен, Түркістандағы кешеннің құрылысы тура 12 ай жүргізілді.
Бұл спорттық нысан әлеуметтік ортаға деген мемлекет саясатының дұрыстығы, облыстық және қалалық биліктің және бас демеушілер – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының күш біріктіруі арқасында қолданысқа берілді.
0 пікірлер