Прага татамиінен алтын мен қола алдық

23:16 | 01 наурыз 2014

Прагада өтіп жатқан дзюдодан «European Open» турнирінің бірінші жарыс күнінде спортшыларымыз 1 алтын 1 қола жүлде жеңіп алды.

Алтын медальді 60 келіде сынға түскен Айбек Имашев (суретте) иеленсе, қола жүлдені осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Ғұмар Қырғызбаев жеңіп алды.

Айбек Маңғыстау облысының тумасы. 60 келіде еліміздегі үздік бес дзюдошының қатарында жүр. Ал Ғұмар 2013 жылғы Қазақстан біріншілігінде жүлдегер атанған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар