Еуразия ұлттық университетінің дзюдошылары үздік атанды

09:42 | 05 наурыз 2014

2014 жылдың 4 наурызында Астанада «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кубогы» республикалық турнирі өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дзюдошылары бірінші орынды жеңіп 500 мың теңге сыйақыға ие болды, екінші орындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спортшылары 300 мың теңгемен марапатталса, үшінші орын алған Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясы мен Семей Мемлекеттік медицина университеті палуандарына 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық ұсынылды. Белдесулер 66 , 73, 81, 90 дейінгі және 90 жоғары салмақ дәрежесінде өтті және жарысқа 13 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында «Дзюдо федерациясы» РҚБ Президенті Рақышев Кеңес Хамитұлының атынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы дзюдоның дамуына үлес қосқаны үшін I дәрежелі «Дзюдо Тарланы» орденімен марапатталды.

Жарыс хаттамасы сайттың «нәтижелер» бөлімінде

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар