​Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатына дайын

14:00 | 22 тамыз 2013

Бірнеше күннен кейін Бразилияда дзюдодан шымылдығын ашатын Әлем чемпионаты -2013 дөңгеленген дүниенің ересек дзюдошыларының басын қосады. Дүбірлі дода 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында «Maracanãzinho Arena» (Рио-де-Жанейро) спорт кешенінің маңында өтеді. Тартысты бәсекеде 124 елдің ең мықты деген 779 спортшысы бақтарын сынайды. Жеке белдесулердің жеребе тастау рәсімі чемпионаттың ашылу салтанаты күні, 26 тамызда өтеді. Жеке белдесулерде 14, ал командалық жарыстарға 2 медаль жиынтығы тігіліп отыр.

Айта кетерлігі, командалық жарысты 2016 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, Бразилияда өтетін чемпионатта төрелік жасауда бірқатар ережелер сыналмақ.

Франциядағы чемпионаттан кейінгі екі жыл ішінде біздің ұлттық құрама кезекті әлемдік біріншілікке дайындалған болатын. Ол кезде, Парижде, 2011 жылы, қазақстандық команданың лидері Максим Раков үйге «күміс» әкеліп, оған дейінгі екі жыл бұрын, Роттердамда ол Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанған болатын. Сол кезде біздің дзюдошы «алтын» үшін болған тартыста голландиялық спортшы Хенк Гролмен белдесіп, жеңіске жеткен болатын.

Назарларыңызға қазақ елінің намысын әлем чемпионатында қорғайтын дзюдошылардың жарқын жетістіктерінің тізімін ұсынамыз (әлемдік рейтингтегі орындары – 29.07.2013):

Ерлер құрамасы:

1) Елдос Сметов (60 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №8. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2010), жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен (2011) Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013).

2) Асхат Тельманов (60 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №9. «Большой Шлем» (GrandSlam, 2013) турнирі мен әлем кубогының (2011) күміс жүлдегері, «Әлемдік шеберлер» - 2013 турнирінде жетінші орынға табан тіреген (Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі дәрежелі жарыс).

3) Сергей Лим (66 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №3. 2012 жылғы Азия чемпионы, «Әлемдік шеберлер» - 2013 халықаралық турнирінің жеңімпазы.

4) Азамат Мұқанов (66 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №30. Азия чемпионатының (2013) қола жүлдегері.

5) Дастан Ықыбаев (73 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №73. Әлем кубогының қола жүлдегері (2010), 16-шы Азиада ойындарында бесінші орынға жайғасқан (2010).

6) Дәулетхан Жақыпов ( 81 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №83. Командалық есепте 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

7) Ислам Бозбаев (90 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №21. Әлем кубогының иегері (2011), Азиада ойындары мен (2010) Азия чемпионатының күміс жүлдегері ( 2011 және 2013).

8) Максим Раков (100 кг дейін). Әлемдік рейтингтегі орны - №12. Әлем чемпионы (2009), Азия чемпионы (2009), Әлем чемпионаты мен (2011) Азиада ойындарының күміс иегері (2006), Азия чемпионатының (2007), Азиада ойындары (2010) мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола иегері (2002).

9) Ержан Шынкеев (100 кг жоғары). Әлемдік рейтингтегі орны -№33. Жауынгерлік спорт түрінен 2009 жылғы Азиада ойындарының чемпионы, Азия чемпионаты (2011) мен Универсиаданың (2009) қола жеңімпазы.

10) Ертуған Төренов (73 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №45. Еуропа – 2013 ашық кубогының күміс жүлдегері, 2011 жылғы жаөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының қола жүлдегері.

Әйелдер құрамасы:

1) Айгүл Байкулева (48 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - № 51. 2013 жылғы Азия чемпионатының бесінші орнына жайғасқан.

2) Александра Подрядова (48 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №67. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006), әлем кубогының жеңімпазы (2012).

3)Ленария Мингазова (52 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №37 (бұрынғы салмағы бойынша 57 кг дейін). Жауынгерлік өнерден болған Азиада ойындарының жеңімпазы (2009), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013), Әлем кубогының күміс және қола жүлдегері (2011, Ташкент және Прага).

4) Динара Кударова (70 кг). Әлемдік рейтингтегі орны - №77. 2013 жылғы Азия чемпионатының бесінші орнына жайғасқан.

5) Анар Сейтімова (78 кг дейін). Әлемдік рейтингтегі орны - №53. Әлем кубогының жеңімпазы (2012), Еуропа кубогының қола жүлдегері (2013).

6) Гүлжан Исанова (78 кг жоғары). Әлемдік рейтингтегі орны - №30. Азия чемпионы (2009), «Әлемдік шеберлер» турнирі (2012) мен Азиада ойындарының қола жеңімпазы, 2012 жылғы Олимпиадада жетінші орынға табан тіреді.

Қазақстандық жанкүйерлердің тартысты бәсекені көру үшін онлайн мүмкіндіктері бар. Додадан тікелей көрсетілімді KAZsport телеарнасынан, сондай-ақ ippon.tv.сайтынан көре алады.

Ал дзюдошылар әлемінің келесі тартысы 2015 жылы Челябіде өтеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар