Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

20:18 | 12 қараша 2023

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60, 66, әйелдер 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында Жамбыл облысының спортшысы Нұрқанат Серікбаев (60 кг) пен Ақтөбе облысының дзюдошысы Есет Қуанов (66 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Жетісу облысының өкілдері Диана Буркеева (48 кг) мен Нұрсұлу Ералиева (52 кг) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

71ac5dd175e75d80dc7be7afb970f025.jpeg

Жарыстың марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия Ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов қатысты.

472acf886249301aa8f4ec770847e5e1.jpeg

Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін назарларыңызға ұсынамыз

Әйелдер

- 48 кг

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)

2.Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)

3. Алира Шегелекова (Абай облысы)

-52 кг

1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)

2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

3.Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)

3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы)

ee6cc1c8c7945e721318fcade84ec2f3.jpeg

Ерлер

-60 кг

1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

2.Ержан Еренғайыпов (Астана)

3.Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Дәурен Суюкенов (Алматы облысы)

- 66 кг

1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

3.Алмас Ғалымов (Абай облысы)

Айта кетерлігі, Ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 463 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 15 қарашаға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалғасады.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар