Асхат Жіткеев халықаралық қызметке тағайындалды

17:48 | 26 сәуір 2023

Бүгін, 26 сәуір күні Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті.

Конгресске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты.

Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды.

Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental құрлықтық дәрежедегі төреші.

110feb6ab38d4507357201343e84c02b.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар