Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінен алты медаль жеңіп алды

11:28 | 13 наурыз 2023

11-12 наурыз күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа ашық кубогін 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, медаль кестесінде 5-ші орынға тұрақтады.

e680fd910c9ae2bacecb0e7dc616c328.jpg

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпазлары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) Қазақстан қоржынына үш қола жүлдені салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар