Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысынан екі медаль ұтып алды
Парижде дзюдодан әдемдік Grand Slam жарысы басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары екі қола жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Абужақынова қола медальға ие болды. Ол жұбаныш финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хе Кенгті жеңді.
Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз Данияр Шамшаев та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін күресте тәжірибелі канадалық Артур Маргелдионды жеңді.
Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы 5 ақпанға дейін жалғасады. Аталған байрақты бәсекеде әлемнің 82 елінен 520 татами шебері бақ сынауда. IJF ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік және Олимпиада рейтингтеріне ұпай еншілейді. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға - 700, ал 3-ші орынға 500 ұпайдан беріледі.
0 пікірлер