Мағжан Шамшадин Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

17:42 | 04 тамыз 2022

Қазақстандық Мағжан Шамшадин Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 60 келі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин жұбаныш финалында монғолиялық Энхтайвани Ариунболдты иппонмен жеңді.

Отандасымыз Мағжан жартылай финалға дейін барлық қарсыластарынан мықты болды. Оны тек жартылай финалда жапониялық балуан Рюдзю Нагаяма жолдан тоқтатқан болатын.

1. Нагаяма Рюдзю (Жапония)

2. Ким Вон Жин (Корея)

3. Шамшадин Мағжан (Қазақстан)

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар