Азия чемпионаты: Мағжан Шамшадин құрлықтық біріншіліктің жұбаныш финалында

15:16 | 04 тамыз 2022

Қазақстандық Мағжан Шамшадин Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.

Ол жұбаныш финалында моңғолиялық Энхтайвани Ариунболдпен кездеседі.

Екінші қола жүлде үшін тайпейлік Юнг Уей Янг мен монғолиялық Энхтайвани Сумяабазар күреседі.

Айта кетерлігі, жарыс фавориті саналған жапониялық Рюдзю Нагаяма өзіне тиесілі финалдың жолдамасына қол жеткізді. Оңтүстік Корея өкілі тәжірибелі Ким Вон Жин екеуі арасындағы финалдық кездесу тартысты өтпек.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар