Нұр-Cұлтанда Азия чемпионаты басталды

12:31 | 04 тамыз 2022

Нұр-Cұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық біріншіліктің алғашқы жарыс күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды.

Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына 60 келіде Мағжан Шамшадин мен Бауыржан Нарбаев, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева, 52 келіде Гаухар Ирмагамбетова, 57 келіде Севара Нишанбаева бақ сынайды.

Азия чемпионатында Азияның 19 елінен 200-дей спортшы өзара мықтыны анықтайды. Атап айтқанда, Қытайлық Тайпей, Гонконг, Үндістан, Жапония, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Моңғолия, Пәкістан, Қытай Халық Республикасы, Филиппин, Катар, Корея Республикасы, Тәжікстан, Біріккен Араб әмірліктері, Өзбекстан, Вьетнам, Йемен және Қазақстан.

Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.

Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетеді. Спортты қолдау «Sport Qory» жарыстың ресми бас серіктесі болып табылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар