Қазақстан құрамасы Загребте өтетін «Grand Prix» жарысына қатысады
15:38 | 13 шілде 2022
Дзюдодан Қазақстан Хорватияда өтетін әлемдік «Grand Prix» жарысына қатысатын отандық спортшылар тізімі белгілі болды.
Аталған байрақты бәсеке 15-17 шілде күндері Загребте өтеді деп жоспарланған. Әлемдік рейтингтік жарысқа Қазақстан құрама сапынан 16 татами шебері қатысады.
Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрдәулет Аманқосов
66 келі: Елдос Сметов, Алмас Ғалымов
73 келі: Ерлан Серікжанов
81 келі: Бекәділ Шаймерденов, Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров
100 келі: Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев
Әйелдер:
48 келі: Ғалия Тынбаева
52 келі: Салтанат Сұлтанбекова
57 келі: Бақыт Құссақбаева
78 келі: Аруна Жангельдина
0 пікірлер