Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

21:56 | 15 желтоқсан 2021

Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо сүйер қауым!

Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік - бізге бабалар аманаттаған асыл мұра, ең қымбат қазынамыз. Спортшылар ел қоржынына салған әрбір жүлдені тәуелсіздікке тарту деп білемін. Тәуелсіз елдің саңлақтары бұдан кейін де ел мерейін үстем етпек!

Еліміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын! Ата-баба аманатын арқалаған, бүгінімізді шуақты еткен, болашаққа бағдар берген тәуелсіздік мәңгілік жасай берсін!

Ізгі ниетпен,

Қ.Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар