Туған күніңізбен, Қайрат Пернешұлы!
09:00 | 24 наурыз 2021
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың туған күні! Құрметті Қайрат Пернешұлы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің, елімізде дзюдоның дамуына ат салысып, дзюдошыларды қолдаудағы орныңыз ерекше. Бүгінде кәсіби біліктілігіңіз бен көрегенділігіңіздің арқасында ел дзюдосының дамуы мақсатында үлкен жұмыс атқарылып отыр. Біз үшін сізбен бірлесе бір мүдде жолында жұмыс істеу үлкен мәртебе.
Сізді бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, бақыт, табыс және бастаған әрбір ісіңізге сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен, Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы
0 пікірлер