​Қостанай облысы - Қазақстан чемпионы

16:53 | 10 ақпан 2020

Қостанай облысы - Қазақстан чемпионы

Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының аралас командалық жарыстары аяқталды. Барлығы 17 команда қатысқан байрақты бәсеке өте тартысты өтті.

Татами иелері Қостанай облысының дзюдошылары қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан чемпионы атанды. Алматы облысы финалда 4:3 есебімен жеңіліп, күмісті қанағат тұтты. Шымкент құрамасын 4:2 есебімен ұтқан БҚО командасы мен жамбылдықтарды 4:1 есебімен жеңген Қызылорда облысы үздік үштікті қорытындылады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар