​Елдос Сметов - «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері

22:23 | 08 ақпан 2020
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов әлемдік «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен ол кіші финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинді айқын басымдықпен ұтты.
Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартушинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берген болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар