​Париждегі Grand Slam жарысына 16 дзюдошы қатысады

14:44 | 30 қаңтар 2020

8-9 ақпан күндері Парижде (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Париж татамиіне 122 елден 788 татамип шебері келеді деп жоспарланған. Аталған додаға Қазақстан сапынан 16 дзюдошы қатысады.

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (73 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

11ff32328cc727ba44f6ab58da97525a.jpg

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Ақмарал Науатбек (48 кг)

Анна Казюлина (52 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар