Қазақстан дзюдо федерациясының президенті жаңа жыл мерекесімен құттықтады

16:35 | 30 желтоқсан 2019

Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанкүйерлері!

Қазақстан Дзюдо федерациясы сіздерді жаңа жыл мерекесіменшын жүректен құттықтайды!Әрдайым бізбен бірге спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреді. Қазақстандық дзюдошылар үшін 2019 жыл ерекше болды. Сондай-ақ келе жатқан жаңа жыл спортшыларымыз үшін маңызды, себебі олар 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін барын салатын болады.
Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра, баршаңызға бақыт, береке, зор денсаулық тілейміз. Жаңа жыл әр отбасына жақсылық пен қуаныш, мол жетістік әкелсін! Жарыс жолында тек жеңісті күндерде жолығайық!

Құрметпен,

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті

Қайрат Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар