Әлемдік "Masters" турниріне Қазақстан құрамасынан 9 дзюдошы қатысады

10:26 | 10 желтоқсан 2019

12-14 желтоқсан күні Циндаода (ҚХР) дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі өтеді. Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады.

Аталған жарыста Қазақстан намысын 9 дзюдошы қорғайды. Олар:

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар