Алматы облысы Конфедерация кубогының жартылай финалына шықты

11:22 | 08 қазан 2019

Оралда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының іріктеу кезеңдері басталды. D тобына түскен БҚО, Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Алматы облысының командалары өзара мықтыны анықтады. Дзюдо бойынша Алматы облысының командасы жартылай финалға шықты.

«Құрама жарысқа өте жақсы дайындықпен келді. Жарыста Қызылорда командасына есе жібергенімізбен, БҚО мен Маңғыстау облысының құрамаларынан басым түстік. Қызылорда облысымен кездесу ең қиыны болды. Десе де, құрамадағы спортшылар барын салып, жартылай финалға жолдама алдық» дейді, дзюдодан Алматы облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы Ерлан Тажиков.

Естеріңізге сала кетсек, конфедерация кубогының жартылай және финалдық кезеңдері 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар