Дзюдошылар Бразилиядағы "Grand Slam" турниріне қатысады

12:03 | 03 қазан 2019

6-8 қазан күндері Бразилияда дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді. Екі күнге жоспарланған байрақты бәсекеге әлемнің 60 елінен 350-ге жуық дзюдошы қатысады. Аталмыш додада Қазақстан намысын Бауыржан Нарбаев (60 кг) пен Сұңғат Жұбатқан (66 кг) қорғайды.

Айта кетерлігі, «Grand Slam» турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпайлар қосылады. Мәселен, IJF ережесіне сәйкес жеңімпазға 1000 ұпай берілсе, күміс жүлдегер – 700, ал қола жүлдегерлер 500 ұпайға ие болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар