Мадина Парагульгова - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

17:16 | 28 қыркүйек 2019

Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Мадина Парагульгова күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол Панамериканың екі дүркін чемпионы Анна Сонтосты есе жіберді.

Финалға дейін Мадина 4 кездесу өткізіп, төртеуін де айқын басымдықпен жеңіп отырды. Жартылай финалда франциялық Лиз Нгелбеяға вазари ұпайымен жеңіліп тұрып, соңғы алты секунд қалғанда жеңісті қарсыласынан жұлып алды. Соңғы секундта әдіс қолданып, қарсыласын иппонмен жеңді. Оған дейін ширек финалда қырғыз қызы Шахида Нармухамедовадан басым түссе, алғашқы белдесуінде кипрлік Занет Мишайлдоуды ұтты.

Нәтижесінде, Қазақстар құрамасы әлем чемпионатының жекелей сайыстарын 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар