​Әділ Марлен – әлем чемпионатының қола жүлдегері

16:54 | 26 қыркүйек 2019

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Әділ Марлен 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында тағы бір қазақстандық дзюдошы Нұрсұлтан Зайзағалиевті иппонмен жеңді.

Жұбаныш финалына марокколық Елмалем Закариаені таза ұтып, өз тобынан үздік шықты. Жартылай финлда әзірбайжандық Сүлейманов Камранға вазари ұпайымен есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда «Баалуан Шолақ» атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүниежүзілік біріншілікте 64 елден 500-ге жуық дзюдошы бақ сынауда. Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде бір алтын, бір қола жүлде жеңіп алған болатын. Әлем чемпионаты 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар