Нұрқанат Серікбаев - әлем чемпионы!

19:44 | 25 қыркүйек 2019

Нұрқанат Серікбаев Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шаақ келтірмеген ол ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ол финалда Еуропа чемпионы франциялық Ромен Валадьеден басым түсті. Нұрқанат бүгінгі әлем чемпионатында 4 кездесу өткізіп, төртеуін де уақытынан бұрын жеңген. Дәл осы салмақта үшінші орынды грузиялық Ника Бачиашвили мен украиналық Микита Холобородько еншіледі.

dec32509ee122c0ca648c0bc19237c95.jpg

Сонымен қатар, қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлима Жұмағалиева қола жүлдегер атанды. Бұл салмақ дәрежесінде венгриялық Лука Мамира алтын жүлдегер атанса, күмісті италиялық Кьяра Диспенза, қоланы франциялық Паулина Кук еншіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің 64 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысуда. Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде 1 алтын, 1 қола жүлдеменн бейресми медаль кестесінде көш бастап тұр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар