Дзюдодан Әлем чемпионатының баспасөз конференциясы өтті

16:21 | 24 september 2019

25 қыркүйек күні Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Соған орай бүгін 14:00-де Алматы қаласы «Ramada» қонақ үйінде БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына Халықаралық дзюдо Федерациясының бас спорт директоры Владимир Барта мен спорт директоры Армен Багдасаров қатысты. Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіСпорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов, ҚР Дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жеткеев пен Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғайнолла Есенғалиев журналисттер сұрағына жауап берді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 64 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланған. Аталмыш чемпионаттың жалпы жүлде қоры 100,000 АҚШ долларын құрайды.

Айта кететін жайт, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болған.

0 comments

You may log in using:

Find us on social networks