Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

18:23 | 30 шілде 2019

Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. 29-30 шілде күндері өткен жарысқа 21 елден 170 дзюдошы қатысты. 1 алтын, 3 күміс және 9 қола жүлде иеленген Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде үшінші орынға жайғасты. Жарыс қорытындысы бойынш Жапония жастары 10 жүлдемен (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) көш бастаса, Оңтүстік Корея құрамасының спортшылары 10 медальмен (3 алтын, 1 күміс, 6 қола) екінші орынға тұрақтады.

Азия Чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар тізімі:

Алтын

Мөлдір Нарынова (70 кг)

Күміс

Ғалия Тынбаева (48 кг)

Ақжол Қайыпхан (52 кг)

Меруерт Сәрсенова (57 кг)

Қола

Ақмарал Науатбек (48 кг)

Саёра Мирзахметова (63 кг)

Маргарита Гриценко (-78 кг)

Дамир Болатбеков (60 кг)

Ермек Амангелді (66 кг)

Айбар Мукашев (73 кг)

Нұрбек Ортай (81 кг)

Бекарыс Сәдуақас (-100 кг)

Бибарыс Әбдіғани (+100 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар