​Галбадрах Отгонцэцэг - Гран При жеңімпазы

21:36 | 27 шілде 2019

Галбадрах Отгонцэцэг Загребте өтіп жатқан Гран При турнирінің жеңімпазы атанды. 48 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан ол финалда франциялық Мелани Клементпен күресіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Финалға дейін отандасымыз Отгонцэцэг Катарина Танзерді (Австрия), Ио Хионгты (ҚХР) және Ли Янанды (ҚХР) жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран При турнирі басталды. Гран Приге 86 елден 500-ден аса дзюдошы қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар